zhangir-khan1

Аймақ туралы

Жалпы мағлұмат

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан және республиканың орталық, оңтүстік облыстарына және Орта Азия елдеріне енгізетін қақпа болып табылады.

Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырымға тең.

Ресей Федерациясының бес: Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектесіп жатыр,  олармен теміржол желілері, автомобиль, су және әуе көлік жолдары арқылы байланысады.

Аумақтың рельефі жазық. Облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында Жалпы Сырт сілемі және Предураль платосы бар. Оңтүстігінде  Прикаспий ойпаңы шегінде Нарынқұм құмдары орналасқан: Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқалары. Климат шұғыл континенталды.

Облыс аумағы бойынша облыстағы басты су артериясы болып табылатын Жайық өзені ағып жатыр. Басқа да ірі өзендер бар: Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шыңғырлау. Ірі көлдер: Шалқар, Аралсор, Боткөл, Жалтыркөл, Сұлукөл және тағы басқа.

Топырақ күңгірт-сарғылт, салғырт,  ашық сарғылт, сортаңды болып келеді. Дәнді-әр түрлі шөпті, дәнді-жусанды, жусанды-бидайықты өсімдіктер басым.

Орал өңірі пайдалы кендерге бай болып келеді, оның ішінде басымдысы мұнай мен газ, бұл ретте Қарашығанақ кеніші әлемдегі ең бай кеніштердің бірі болып саналады.

Облыс орталығы Орал қаласында орналасқан.

Облыс халқының саны 2005 жылдың 1 қаңтарына 606,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 262,5 мың адам немесе барлық халық санының 43,3 пайызы, ауылдық жерлерде – 344 мың адам немесе 56,7 пайызы тұрады.

Халықтың тығыздығы облыс бойынша  орта есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне) 4,0 адамды құрайды.

1962 жылдың 3 мамырына дейін Батыс Қазақстан облысы болып аталды, кейінгі жылдары Орал облысы болып, 1992 жылдың шілдесінен бастап Батыс Қазақстан облысы болып аталады.

Өңірдің экономикасы

Ауыл шаруашылығы: қатты сортты бидай, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы

Машина құру, тағам өнеркәсібі, құрылыс материалдары,

Мұнай-газ өнеркәсібі: Қарашығанақ және Чинарев кеніштерінде мұнай және газ өндіру.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Оқу орны орналасқан өңір туралы
Вы здесь: Главная Оқу орны орналасқан өңір туралы