Мемлекеттік рәміздер күніне арналған флеш-моб

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бас ғимараты алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай және Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам реформасын қолдау мақсатында оқу ордамыздың жастарының қатысуымен флеш-моб өтеді.

Шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздер елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің нышаны екенін, оны қастерлеу баршамыздың борышымыз екенін түсіндіру, ел әлеуетін арттырар маңызды құжатты жастардың да қолдайтынын, жүзеге асыру өз үлестерін қосатынына баса назар аударту.

Сонымен қатар бұл күні оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар бір мезетте Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.

«Байрақты бәсекелерде көк туымыз желбіреп, әнұранымыз айтылғанда ителедидардан көріп отырып, бойымды мақтаныш сезімі билейді. Дархан елдің ұланы екенімді әрдайым мақтаныш етемін. Замандастарымның да бүгінгі шарадан алған әсерлері ұлан-ғайыр» - деді әскери кафедра курсанты, агрономия факультетінің 2 курс студенті Есбол Төленов.

ramiz15-2ramiz15-1

Вы здесь: Главная Магистрантам Мемлекеттік рәміздер күніне арналған флеш-моб
Вы здесь: Главная Магистрантам Мемлекеттік рәміздер күніне арналған флеш-моб