Саябақтағы «Заң алдында бәріміз теңбіз» акциясы!

bala kuni1-12015 жылдың 29-шы мамыры күні күн ұясына батқан шақтаҚалалық мәдениет және демалыссаябағында орталық су бұрқақ алаңында «Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы»мемлекеттік мекемесінің қолдауымен«Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру»жобасын іске асыру аясында «Заң алдында бәріміз теңбіз» акциясы оздырылды.

Шараның мақсаты қоғам арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруды мәдени көпшілік орындарда насихаттау, әртүрлі топтағы азаматтармен байланыс орнатып ұсақ құқықбұзушылыққа деген төзбеушілік жақтарын қалыптастыру, әр түрлі мәдени шаралар, ойындар және сауалнамалар арқылы қоғамның «нөлдік төзімділік» қағидаты жұмыстарымен қаншалықты ақпараттандырылғандығын анықтау болып табылды.

Акцияға Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы жетекші маманы Рахматуллин Ерген Дименович, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің ювеналдық полициябөлімі басшысы Габдушев Әділхан, жастар ұйымдары өкілдері қатысты.

Көңілді шара акцияның мақсатын баяндайтын алғы сөзден басталып, «Заман» ЖҚБ еріктілерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен ұласты.

Егеменді елдің ертеңгі тірегі жастар екендігін ескерсек, мұның да өзіндік мән-маңызы бар екендігін түсінесің. «Заң алдында бәріміз теңбіз» деп аталған концерттік бағдарлама аясында әсем ән мен биден шашу шашқан шығармашылық ұжым өнерлері арқылы саябаққа келушілерге өзіндік сый тарту етті

Әрі жасөспірімдер ата-аналарымен құқықбұзушылыққа«Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру тақырыбындатүрлі түсті бояумен сурет салу жарысына қатысып, үздік шыққан жеті жанұя жасөспірімдер суреттері марапатталса,одан әрі бір-біріне су шашу салтанатымен қатар, би жарысы және әр түрлі ойындармен жалғасын тапқан акция саябаққа келушілерге көтерінкі көңіл күй сыйлаумен қатар, жүзден жүйрік атанғансайысқа қатысушылардың барлығын бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсіміне ұласты.

Сонымен қатар акция барысында «Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен дайындалған «Қоғамдағы құқықбұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру»бағытындағы құқықтық анықтамалар таратылды.

bala kuni1-2bala kuni1-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Саябақтағы «Заң алдында бәріміз теңбіз» акциясы!
Вы здесь: Главная Магистрантам Саябақтағы «Заң алдында бәріміз теңбіз» акциясы!