Елге олжамен оралған Ерназар

sambo 1516-17 мамыр күндері Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа кубогі оздырылды. Франция, Польша, Армения, Германия, Ресей, Әзербайжан, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан секілді мемлекеттердің палуандары татамиде өз бақтарын сынады. Біздің университетіміздің студенті Хамзин Ерназар да аталған сайыста өз бағын сынады.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ерназар Хамзин 81 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз 5 кездесу өткізіп, соңғы 30 секундта Лаппинагов Асланға есе жіберіп алды. Бүгінде спорт шебері атанған Ерназар байрақты бәсекеде күміс медальді олжалап, мерейімізді бір асырды.

Ерназарға алдағы уақытта да биік белестерден, жалаулы жеңістерден көріне беруіне тілектеспіз.

Вы здесь: Главная Магистрантам Елге олжамен оралған Ерназар
Вы здесь: Главная Магистрантам Елге олжамен оралған Ерназар