Елбасының алғысына бөленді

algys xatCәуір айында Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің болып өткен  сайлауы адам­дар­дың Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Н.­Ә.Назар­баев­тың тұл­ғасына деген құр­­меті мен сенімінің тағы бір кезекті айғағына айналды.Қазақстандықтар кезектен тыс өткен президенттік сай­лауда лайықты таң­дау­ын жасады. Халық өзінің бо­лашақ тағдырын Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевпен тікелей байланыстыраты­нын та­ғы бір дәлелдеп берді.

Жақын күндері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкерлері Елбасы алғысына бөленді. Атап айтар болсақ, оқу ордамыздың бірінші проректоры Өтеген Таубаев, «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының «Жиһангер» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Жәңгір хан тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов және жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Асхат Өкшебаев - 26 сәуірде өткен президенттік сайлау кезінде Н.Назарбаевтың сенімді өкілдері болған азаматтар.

Ал Мемлекет басшысы өзінің алғысхатында: «Өзімнің жеңісімді мен біздің ортақ табысымыз әрі «Нұрлы жол» мемлекеттің бағдарламасы мен «Қазақстан – 2050» стратегиясында белгіленген ел дамуының ұзақ­мерзімді басымдықтарын одан әрі ұтымды жүзеге асыруға арналған бағытты қолдау деп қабылдаймын», – деп шын ризашылығын білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге 9 090 920 адам немесе сайлаушылардың 95,21 пайызы қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 8 833 250 даусына ие болды, бұл – дауыс беру рәсіміне қатысқан сайлаушылар даусының  97,75 пайызы.

Вы здесь: Главная Магистрантам Елбасының алғысына бөленді
Вы здесь: Главная Магистрантам Елбасының алғысына бөленді