Жастар қоғамдық қауіпсіздікті қолдайды!

reid15-12015 жылдың 22-ші мамыр күні сағат 17.00-01.00 аралығында Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қолдауымен «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» жобасын іске асыру аясында «Түнгі Орал жастары» рейдтік іс-шарасы оздырылды.

Шараның негізгі мақсаты - қоғам арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру және елеусіз құқық бұзушылықтарды анықтаубойынша жұмыстарды жандандыру, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ойын-сауық орталықтарында ата-анасының рұқсатынсыз немесе қарауынсыз жүрулерін анықтау.

Рейдтік шараға Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы жетекші маманы Рахматуллин Ерген Дименович, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің ювеналдық полиция бөлімі басшысы Габдушев Әділхан, Абай полиця бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инпекциясы басшысы Сатқанов Қасиет Бақтығалиұлы, Орал қалалық ІІБ Әкімшілік полиця бөлімінің ювеналдық топ полициясы басшысы Ғұсманова Гүлшат Халыққызы, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдерінен құралған 10 топ шахарымыздың көпшілік жиналатын орындарында жұмыс атқарды.

Шара барысында қала тұрғындарынан сауалнамалар алынып, нөлдік төзімділік қағидатын түсіндіру жұмыстары және олардың ұсыныстары тыңдалды.

Сауалнамалар толтыру барысында 14-21 жастар арасындағы «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидаты ұғымы туралы өз ойларын жеткізуге қиналғанын байқасақ, көптеген жастар құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін тиімді тәсілдерді ұсынып жатты.

Жастардың ұсыныстарын білуге, қоғамдағы тәртіпсіздіктің алдын-алу шараларына жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

reid15-2reid15-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Жастар қоғамдық қауіпсіздікті қолдайды!
Вы здесь: Главная Магистрантам Жастар қоғамдық қауіпсіздікті қолдайды!