Шарада белсенділік танытты

23-мамыр күні Орал қаласында халықаралық олимпиада күніне орай веложорық және басқа спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Бұл шара Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында бірдей уақытта өткізілген велошеру Қазақстанның 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөніндегі өтінімін қолдауға арналды.

Теннис кешенінен П.Атоян атындағы стадионға дейінгі аралықты (тоғыз шақырым) қатар түзеп, жүріп өткен велосипедшілер қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 30-дан астам профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастар да болды.

Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде игі дәстүрге айналған веложорыққа қатысушылар саны жыл санап көбейіп келетінін атап өтті.

velo2015-1velo2015-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Халықаралық олимпиада күніне орай веложорық
Вы здесь: Главная Магистрантам Халықаралық олимпиада күніне орай веложорық