Жастар білім алушылар арасында «Жемқорлықсыз білім!» ұранымен «Таза сессия» акциясын өткізді

taza ceccia1«БҚО Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Заман» Жастар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымдастыруымен 2015 жылдың 19 мамырында 2014-2015 оқу жылының  жазғы  емтихан  сессиясын студенттердің өз білімімен тапсыруы үшін және де сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет базасында «Таза сессия» акциясы өткізілді.

«Таза сессия» акциясы сессия уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес студенттердің азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғам арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады.

taza ceccia2Жастар ұйымдарының белсенділері мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілі Төлепқалиев Ерік Тлекбайұлы, БҚО Ішкі саясат басқармасы бас маманы Рахматуллин Ерген Дименұлы білім алушы студенттер арасындағы сауалнамаға бақылау жүргізіп, өтіп жатқан емтихандарға бақылаушы болып, тапсырып жатырған білім алушылардың қалай тапсыратындығын және емтиханның өту барысын қадағалады. Студенттер арасында 1013 сауалнама толтырылды. Сауалнама қорытындысы белсенді жастардың барлығының қатысуымен саналып, жан-жақты тексерілді.

Жемқорлықты болдырмас үшін жастардың пара беруге немесе басқа да заңсыз жолдармен өзінің оқу мәселелерін шешу үшін мүмкіндіктерді шектейтін осындай шаралар біздің ойымызша өте қажет.

Сонымен қатар, студенттердің талап-тілектері мен  ұсыныстары да назарға алынды.

Еркін форматта өткен акцияда жастар арнайы тілдесу алаңын ұйымдастырып, сыбайластықтың жолын кесуге уәде етісті.

Даулет Танкеев,
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 3-курс студенті

Вы здесь: Главная Магистрантам «Таза сессия» акциясы
Вы здесь: Главная Магистрантам «Таза сессия» акциясы