Жастар Жеңіс жауынгерлерімен кездесті

dva-soldatУниверситетіміздің ғылыми кітапханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес!» атты мерекелік шара өтті. Оған университетімізде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп, өзіндік мектеп қалыптастырған майданда да, бейбіт өмірде де ұрпаққа үлгі-өнеге болған ҰОС ардагерлері, Ауған соғысының, тылда еңбек еткен ардагерлер және олардың жұбайлары қатысты. Майдан даласында қасық қаны қалғанша айқасып, елге оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алған соң, сөз алған университет ректоры, профессор Нұрлан Серғалиев: «Осыдан 70 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісінің символы болып келеді.

Біздің парызымыз – қан майданнан оралмаған жауынгер аталарымызға, қазір ортамызда жоқ, ел намысын қорғаған ардагерлерімізге тағзым ету. Ортамызда жүрген қадірлі ардагерлердің алдында бас иіп, ұдайы қамқорлық көрсету.

Біз майданда да, бейбіт өмірде де ұрпаққа үлгі-өнеге болған, бүгінгі күні ортамызда жүрген соғыс ардагерлері Әзекен Кәрімұлы Бірімжаров пен Александр Федосеевич Кирпичевтың есімдерін үлкен тебіреніспен атаймыз» -деді.

Келелі кездесуде жастарымыз Жеңіс жауынгерлерінің өшпес дастандарын тыңдады. Бейбіт күннің қадірін түсінген жастарымыз соғыс кезінде жауынгерлерге рух берген әндерді тамылжыта шырқап, қойылым қойды.

Кездесу соңы мерекелік дастарханға ұласты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жастар Жеңіс жауынгерлерімен кездесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Жастар Жеңіс жауынгерлерімен кездесті