БҚАТУ-лықтар бір күндік жалақыларын аудармақ

karagandaКөктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы тұрғындарына материалдық көмек көрсету мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қызметкерлері ерікті түрде бір күндік жалақыларын арнайы есепшотқа аудармақ. Бұл сома 1 114 496 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар оқу орнында гуманитарлық көмек көрсету үшін киім-кешек, гигиеналық заттар мен басқа да қажетті заттарды қабылдау пункті ұйымдастырылды.

Университет ұжымы жапа шеккен жұрттың қайғысына ортақтасып, қайырымдылық көрсетіп, жанашырлық танытуға әркез дайын.

Баспасөз қызметі

Вы здесь: Главная Магистрантам Көктемгі су тасқыны...
Вы здесь: Главная Магистрантам Көктемгі су тасқыны...