«Бір шаңырақ астында» атты тәрбиелік шара

ult270415-1«Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтас­тық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы», - деген Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев егемендігімізге қол жеткізген сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін халықтар дос­тығы мен ұлтаралық татулыққа ерекше назар аударып келеді. Міне, тарихи оқиғаларға толы биылғы жылы Президетіміздің өз бастамасымен құрылып, мемлекетіміздің ұлттық саясатын насихаттап, халықтар достығын нығайтуға айрықша үлес қосып келе жатқан бұл ерекше ұйымға 20 жыл толады.

Осы салтанатты мерекеге орай, 2015 жылдың 16-шы сәуірінде «Шет тілдері» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына арналған «Бір шаңырақ астында» атты тәрбиелік шара өткізілді. Тағылымы мол бұл шараға барлық факультеттердің 1-2 курс студенттері қатысты.

Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Даланың көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысы болғанына бүгін барша әлем қызыға, таңдана қарап, куә болып отырғаны белгілі. Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жылдың ішінде елмен бірге өсіп, дамып, еліміздегі халықтардың арасында ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейтін қоғамдық келісімнің маңызды тетігіне айналды. Бұл - мерекелік шараға қатысқан әр студенттің үлкен ықыласынан да байқалды, олардың қазақстандықтардың достығы мен өзара түсіністігін жоғары бағалайтындықтары айрықша сезіліп тұрды, әр ұлт өкілдері өз халқының дәстүрін дәріптеп, өз өнерлерін көрсетті, достықты жырлады.

Өзара түсіністікті, өзара сыйластық пен құрметті, өзара төзімділікті паш еткен шараға қатысушылар «Елбасының төңірегіне топтасқан көпұлтты халқымыздың достығы жасасын, татулығымыз мәңгі болсын» деген ізгі тілекпен тарқасты.

ult270415-2ult270415-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл!
Вы здесь: Главная Магистрантам Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл!