Білім грантын иеленген өрендер

olymp200315-1Кеше Жәңгір хан атындағы Батыс қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында жаратылыстану-математикалық бағытындағы республикалық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Білім бәйгесінде бақ сынаған өрендерді ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев пен облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен арнайы құттықтады.

Олимпиадаға қатысқан оқушылардың білім дәрежесін республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен білікті, іс-тәжірибесі мол мамандардан құралған қазылар алқасы сарапқа салды.

Салтанатты шарада сөз алған университет ректоры Н.Серғалиев: «Жастар – еліміздің келешегі, ал білімді жастар – мемлекетіміздің жарқын болашағы», – дейді Елбасы әрдайым. Осы залда отырған республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жастар өз замандастарынан оза шапқандар. Бүгінгі шарада сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын! Бүгінгі сынақ – сіздердің келешектеріңізге жол ашты. Жарайсыңдар! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беріңдер! Тек ғана сәттілік тілеймін!» - дей келе білім ордасының қос грантын Амзибек Азамат пен Құрмантаев Дәулетке табыс етті.

olymp200315-2olymp200315-3

olymp200315-4olymp200315-5

Вы здесь: Главная Магистрантам Білім грантын иеленген өрендер
Вы здесь: Главная Магистрантам Білім грантын иеленген өрендер