Марапатқа бөленген күн

marapat15-1Көктемнің шуақты мерекесі – 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында салтанатты шара өтті.

Жиында алғаш сөз алған университет ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы: «Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана. Үйде жылылық болса ғана түзде тыныштық орнайтыны баршамызға белгілі. Ғылым-білім саласындағы әйелдер санының жылдан-жылға артуы көңіл қуантады.Сіздерге зор денсаулық, шалқар шабыт тілеймін. Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт тұрақтасын. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!» - деп жылы лебізін білдірді.

Көп жылғы қызметтері мен жұмыстағы жетістіктерін ескере отырып, оқытушылар, көмекші құрам және қызметкерлер мен жұмысшылар құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталып, алғыс алды.

Ыстық ықыласқа толы құттықтаудан кейін әйелдер қауымы әуезді әнмен, әсем бимен көмкерілген кешті тамашалады.

 marapat15-2marapat15-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Марапатқа бөленген күн
Вы здесь: Главная Магистрантам Марапатқа бөленген күн