Бастамаға қолдау білдірді

sailau15-1Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу жөнінде бастама көтерді. Бастама орынды. Қазіргі әлемде болып жатқан жағдай бәрімізге белгілі. Алпауыт мемлекеттердің өзін алаңдатқан қаржылық дағдарыс біз секілді жас мемлекетке салқынын тигізбей қоймайды. Осы кезге дейін Елбасымыздың сабырлы саясатының арқасында талай сыннан сүрінбей өттік. Жас мемлекетті әлем таныды және мойындады. Елбасының ел дамуы жолындағы ерен еңбегін бәріміз жақсы білеміз.

Ассамблея мүшелерінің көтерген бастамасын қолдау мақсатында ақпан айының 24-күні университетіміздің мәжіліс залында ректор Нұрлан Серғалиевтің төрағалық етуімен жиын өтті. Шараға оқу ордамыздың профессор-оқытушылар, студенттер мен магистранттар құрамы қатысты.

«Қаржылық дағдарысқа қарамастан Президентіміз жастарға, олардың білім алуына қамқорлығын төмендеткен жоқ. Жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынында Мемлекет басшысы қандай қиындық болса да білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту ісін жүргізе беретіндігі шегелеп көрсетті. Ғылым жолын таңдаған ғалымдарымыз, жастарымыз Елбасы қолдауын көріп те, сезіп те жүр. Мемлекет басшының саясатының арқасында жастарымыз отандық және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, армандарына қол жеткізді, кәсіби тұрғыда жетілді, білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, еліміздің дамуына үлестерін қосуда. Сайлау бір күндік науқан емес, ел тағдыры шешілетін күн. Айтулы оқиғадан барлығымыз шет қалмай, жұдырықтай жұмылып, Елбасымызға қолдау білдірейік» - деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Хабиболлаұлы.

Ардагерлер атынан сөз алған оқу ордамыздың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әскерғали Шамғонов,философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Рысқалиев бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, ұсыныстың орынды екеніне ерекше тоқталды.

«Елбасымыздың «Ел болашағы – жастардың қолында», - деген қанатты сөздері біздерді әркез қанаттандырады. Жастар кез келген қоғамның ең белсенді бөлшегі. Бүгінгі жастардың болашаққа деген сенімі мол. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көрсетеді. Мен және менің замандастарым Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын бірауыздан қолдайды» - деді жастар атынан сөз алған Әйгерім Аймаханова мен Анастасия Сафина.

Шара соңында «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі Әскен Мұқанбетқалиев университетіміздің үндеуін оқыды.

sailau15-2sailau15-3

sailau15-4sailau15-5

Вы здесь: Главная Магистрантам Сайлау - 2015
Вы здесь: Главная Магистрантам Сайлау - 2015