Ректор қызметіне тағайындалды

Университетімізге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев арнайы келіп, Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлын ректор қызметіне тағайындау жөніндегі білім министрі Аслан Сәрінжіповтың бұйрығымен таныстырды. Сонымен қатар ол көп жылдар бойы Қазыбай Қараұлы басшылық еткен мерзімде университеттің материалдық-техникалық базасы нығайып, қазіргі заман талаптарына сәйкес дами түскенін атап өтті. «Осыдан дәл 1 жыл бұрын Нұрлан Хабиболлаұлын ректор міндетін атқарушы лауазымына қойған болатынбыз. Басшылық қызметке тағайындар уақытта осы бір жыл бойғы еңбек сараланып, бағаланды. Сын көзбен қарағанымыз жасырын емес. Бірақ уақыт ішінде оқу орданың жетістігін еселей түсті, яғни қызметін абыроймен атқарды деуге толық негіз бар» - деген вице-министр білім саласындағы қолға алынып жатқан бағдарламалар туралы да тілге тиек етті.

balykbaevОсы жиында сөз алған өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы білім саласында жарқын жаңалықтардың жаршысы болып жүре беріңіз. «Институттан университетке дейінгі қилы кезеңдерден сүрінбей өтіп, қиындықтарды еңсеріп, үлкен ғылымға жол бастаған білім ордасы қазығын қағып, өркен жайған өңірдің әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына айрықша үлесін қосып келеді.Өзіндік тарихы бар, берік дәстүрі қалыптасқан таңдаулы оқу орны есімдері елге танымал талай ғалымдарды, мемлекеттік қызметкерлерді, қоғам қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды. Кешегі кеңестік дәуірде де, бүгінгі тәуелсіздік туын желбіреткен егеменді еліміздің өркендеуі жолында жемісті еңбек етіп жатқан бәсекеге қабілетті ғалымдарыңыз бен университет түлектері тек батыс өңірінде ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарында, шетелдерде түрлі салаларда өздерін тәрбиелеп, өмірге жолдама берген қасиетті қара шаңырақтың мерейін үстем етуде. Облыстың агроөнеркәсіп саласының өркендеуіне Қазыбай Қараұлының да сүбелі үлес қосқанын айтыпөткім келеді. Ол басшылық еткен жылдары көптеген игі істер қолға алынып, атқарылды. Нұрлан Хабиболлаұлы да білікті, ізденімпаз ғалым ретінде жақсы таныс. Әсіресе, балық шаруашылығы бойынша ізденген еңбегі бүгінде өз жемісін беруде. Бұл жемісті жеңістер алда да өз жалғасын табары сөзсіз. Мен бұған сенемін. Бұл жолда әріптестері де қолдау білдіреді деген үміттемін» - деді өз сөзінде.

Ректор лауазымын үлкен абырой және білім алушылар мен университет ұжымы алдында аса зор жауапкершілік жүктейтінін атап өткен университет басшысы Нұрлан Серғалиев: «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Бәкенұлы Сәрінжіповке маған артқан зор сенімі үшін алғысымды білдіремін. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы аса маңызды міндет қойды. Біздің университетіміз осы міндет үдесінен шығу жолында жұмыстануда. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жаңа белестерді бағындыру үшін зор күш-жігерін жұмсауға дайынмын. Бұл жолда әріптестерім әрқашан қолдау көрсетеді деп ойлаймын» - деп, келелі кездесуді түйіндеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ректор қызметіне тағайындалды
Вы здесь: Главная Магистрантам Ректор қызметіне тағайындалды