«Экономика және бизнес» факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті

ekon-assam130215-12015 жыл - Коститутция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Бұл екі ұлы құндылық тұрақтылықтың, модернизацияның және өркендеудің ірге тасы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамда тұрақтылық пен ынтымақты нығайтуға алып үлес қосуда. Бірлігі мықты ел озады. Ел егемендік алғалы 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұрақтылық пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүріп келеміз. 

Қазақтар, орыстар, шешендер, татарлар, кәрістер – барлығының құқықтары мен міндеттері бір. Біз осындай бейбіт және тату елде тұрып жатқанымызды мақтаныш тұтамыз. Өңірді мекендейтін этностардың барлығына да тілін, салт-дәстүрін да­мытуға, мәдениеті мен дінін ұстануға жағ­дай жасалып отыр. Мұның бәрі Елбасы­ның көрегенді саясатының арқасы екенін түсінеміз.

Осыған орай ұйымдастырылып жатқан шаралардың да ауқымы кең. 2015 жылдың 2-4 ақпан күндері аралығында Жәңгір хан атындағы Экономика және бизнес факультеті Татар, Шешен, Кәріс диаспора өкілдерімен кездесу өткізді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы 20 жылдығына арналған салтанатты шараға «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Альфия Николаевна Лежнина, «Вайнах» шешен-ингуштар бірлестігінің төрағасы Саратов Даниилбек Алиевич, «Қазақстанкәрістері ассоциациясы» Батыс Қазақстан филиалы республикалық қоғамдық бірлестігініңтөрағасы Пак Максим Валерьевич және диаспора өкілдері қатысты. Мерекелік шараны тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Ұ. Султанов және «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Р.С. Габдуалиева құттықтау сөз сөйлеп ашты.

2 ақпан күні Есеп және қаржы кафедрасының меңгерушісі Э.А. Рустенованың ұйымдастыруымен Есеп және Қаржы мамандығының студенттері Татар диаспорасымен кездесті. Шараны ұйымдастыруға кафедра эдвайзерлері А.Г. Тюмамбаева , Б.Т. Базарова, Ж.А. Аймешева және М.А. Габдуллина өз үлестерін қосты.

3 ақпан күні Менеджмент кафедрасының меңгерушісі А.А. Муфтигалиеваның ұйымдастыруымен Менеджмент және Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының студенттері Шешен диаспорасымен кездесті. Шараны ұйымдастыруға кафедра эдвайзерлері М.Е. Исенгалиева және М.Р. Галимуллина өз үлестерін қосты.

4 ақпан күні Экономика және болжамдау кафедрасының меңгерушісі А.М. Казамбаеваның ұйымдастыруымен Экономика және Маркетинг мамандықтарының студенттері Кәріс диаспорасымен кездесті. Шараны ұйымдастыруға кафедра эдвайзерлері А.А. Урынгалиева және К.У. Нурсапина өз үлестерін қосты.

Кездесу барысында қонақтар өздерінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстырды.

Кездесудің басты мақсаты еліміздегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі ролін арттыру. Бастысы осындай шаралар арқылы тәрбиелеп жатқан жас ұрпағымыз арасында мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру.

ekon-assam130215-2ekon-assam130215-3

Вы здесь: Главная Магистрантам «Экономика және бизнес» факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті
Вы здесь: Главная Магистрантам «Экономика және бизнес» факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті