Тағдыр табыстырған туыстар

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекесіне орай оқу ордамызда сан түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі экономика және бизнес факультетінің «Экономика және болжамдау» кафедрасының мұрындық болуымен студент жастарымыз өңіріміздегі Корей этномәдени бірлестігімен кездесті.

korea2015Көпшілігімізге тарихи-танымдық және жастарға арналған сериалдары арқылы, Самсунг, LG, SK, Hyundai, STX және әлемге белгілі өзге де жетекші маркалы әр түрлі техника арқылы жақсы таныс корей халқы өкілдерімен жақын танысу осы шарада орын алды.

«Бір кездері тағдыр бір нанды бөлісіп жеуді бұйырған сан халық өкілдері бүгінде бауырымыздай жақын, туысымыздай қымбат. Өз ерекшеліктерімен қатар, салт-дәстүрдегі ұқсастық жетіп артылады. Әсіресе, үлкенді сыйлау, сөзіне ден қою, құрмет тұту секілді қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көріп, қуанатынымыз тағы бар» - деді алғаш сөз алған экономика және бизнес факультетінің деканы Раушан Ғабдуалиева.

Кейін сөз алған өңіріміздегі корей этномәдени бірлестігінің бірінші орынбасары Ким Анатолий елімізге тарихи депортация кезінде қоныс аударған корейлер туралы баян етті. «1937 жылы Тоталитарлық тәртіптіңқұрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстықкорейлер ілікті. Сол жылдың тамыз-қыркүйек айларында күштеп қоныстандыру туралы құжаттарға қол қойылғаны да тарихтан белгілі.124 эшалонға тиелген екі жүз мыңдай халық санаулы күндердің ішінде өз елінен жыраққа аттандырылды. Сол алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Ал облысымыздағы корейлердің тарихы 1937 жылдың қараша айының 5-нен бастап, жаңадан жазылды. Тілді, салт-дәстүрді, мәдениетті білмеу көптеген қиыншылық туғызғаны айдан анық. Бірақ құшағын тосқан қазақ жарым көңіл корейлерді өз туғанындай қарсы алды. Аузынан жырып азығын, баспанасын берсе, екі қолға бір күрек болар жұмысты да ұсынды. Еңбек құралдарымен қамтып, ортаға сіңісіп кетуге бар жағдайды жасады. Менің ойымша, қос халықты еңбек, өнерге деген махаббат, поэзия және философия секілді құндылықтар ажырамас ағайын етті. Корей халқының Қазақстанға қоныстанғанына 75 жыл толуына орай, бірлестігіміз Орал қаласында «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументін тұрғызды. Бұл 1937 жылы қиын-қыстау заманда таршылық өмір сүрсе де, корей халқын бауырына басып, бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына деген құрметімізді білдіреді» - деп, тебіреніспен сөзін аяқтады.

Өнерін халықаралық байқауда шыңдап жүрген Ши Алексей қонақ кәде ретінде ана тіліміздегі «Ой, арман-ай» әнін тамылжыта орындады.

Вы здесь: Главная Магистрантам Тағдыр табыстырған туыстар
Вы здесь: Главная Магистрантам Тағдыр табыстырған туыстар