Татулықтыту еткен татар халқы

tatar-1Табалдырықтан аттап, төрімізге озған жыл айтулы мерекелерге толы. Сол мерекелердің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. 1995 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде сан белесті артта қалдырды.

Тілі басқа болса да тілегі бір халықтың бір шаңырақ астында бейбіт өмір кешу үлгісін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында университетіміздің «Экономика және бизнес» факультетінің қолдауымен «Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу кеші өтті.

Шараның шымылдығын түрген Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов кездесудің маңыздылығына айрықша тоқталып өтті. «Төрткүл дүниедегі жағдай көзі қарақты жастарға жақсы таныс. Атылған оқ, бүлінген қала, үй-күйсіз босқан халық, балалығынан айрылған балдырған, жоғалудың аз-ақ алдында тұрған ел тағдыры кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмасы анық. Қай жерде қателесті немесе қай қадамын шалыс басты деп сауал қою бұл күнде орынсыз болар. Бірақ қырық пышақ болған көршілер көшіне қарап елдегі тыныштықты, бейбіт өмірді басты құндылық деуге болады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының басымдығы, халық пен мемлекет мүддесінің тоғысуы, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діні мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан адам мен азаматтың теңдігі, тең құқылығы және жеке бастық жауапкершілігі секілді қағидаларға сүйенген қоғамдық институт өз өміршеңдігін дәлелдеді. Бұл – баршаға үлгі» - деп сөзін түйіндеді.

Кейін сөз кезегін алған экономика және бизнес факультетінің деканы Раушан Габдуалиева жастармен кездесуді құп алған қоғамдық бірлестік төрайымы мен бірлестік мүшелері өз алғысын жаудырды.

«Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте» - деген Елбасы сөзі қай кезде де өзекті. Қазақ халқының кең құшағы талай ұлт пен ұлысты өз бауырына басты. Тіліміздің, ұстар салтымыздың, мәдениетіміз бен өнеріміздің өзге екеніне қарамастан, бөліп-жармай, қайта бір шаңырақ астына бір үйдің балаларындай жинап, арамызды ажырамастай бауыр еткен, ол, әрине, үлкен көрегендік. Бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ» - деп сөз сөйлеген «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алфия Лежнина, қоғамдық бірлестіктің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Бұл шарада сөз алған аталған қоғамдық бірлестіктің ардагерлер кеңесінің төрайымы Нажия Тухватуллинаның сөзі жастарға ерекше әсер етті. Самайдағы шашымды ақ шалды, зейнетке шықтым, соның тыныш отырып бейнетін кешкім келеді демей, қайта жастар аудиториясына келіп, енжарлықтан, бойкүйездіктен арылудың қарапайым ғана формуласын қарапайым тілмен жеткізе білді. Өз халқының тарихына, салт-дәстүріне, қоғам қайраткерлері мен әдебиет өкілдеріне аз-кем шолу жасаған қоғамдық бірлестіктегі ата-әжелердің де жұмысына ерекше назар аударды. «Облысымызда татар ұлтының тілін, дәстүрін сақтауына қолайлы жағдай туғызылған.Жексенбілік мектепте өз ана тілдерін жетік меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында дәріс береді. Мектепке татарлар ғана емес, қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдеріне де келуге болады» - деді өз сөзінде.

Кеш көрігін «Ялкын» фольклорлық тобының орындауындағы әндер одан әрі қыздырды. Тарихы ғасырдан ұзақ, кезінде ұмыт болып, бірақ бүгінде қайта әуелеп жүрген «Жұма», «Еділ бойлары» секілді әндер жастар жүрегінен орын алды. Ырғақты әндерде ата-әжелеріміздің ортаға суырылып шығып әсем қозғалыста билеген билері көпшілік көңілінде көпке дейін сақталары анық.

Келелі кездесу соңында эконика және бизнес факультетінің деканы Раушан Габдуалиева қоғамдық бірлестік мүшелеріне сый-сияпат ұсынып, естелік суретке түсіп тарқасты.

tatar-3tatar-2

tatar-4tatar-5

Вы здесь: Главная Магистрантам Татулықтыту еткен татар халқы
Вы здесь: Главная Магистрантам Татулықтыту еткен татар халқы