Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы

bazavypuskҚР Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының қорытындысы жаңа жыл қарсаңында белгілі болды. Жеңімпаз атанғандар қатарында оқу ордамыздың қос бірдей ғалымы, атап айтар болсақ, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев пен география ғылымдарының кандидаты Қажымұрат Ахмеденов бар.

Аталған байқауға еліміздегі 90 ЖОО-дан 545 үміткер қатысып, соның 200-і үздік атанды.

Конкурстық іріктеу нәтижесінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына 200 үміткер анықталды. Оның 39,5%-ын ғылым докторлары, 57%-ын ғылым кандидаттары, 3,0%-ын PhD  докторлары құрады, олар техникалық, педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық, экономикалық, құқықтық және т.б.ғылымдар саласынан.

Айта кету керек, грант жоғары оқу орнының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы
Вы здесь: Главная Магистрантам Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы