Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет көрсету, қоғамның дамуында, әр уақытта, әркімде көкейтестілік  тудырады. Ал онымен күрестің тиімділігін арттырудың стратегиялық маңызы зор.

Өткен аптада университетімізде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!» атты түсіндірме-ақпараттық жұмысы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігін, қоғамға қауіптілігін, құпиялылығын, ерекше құрылымы мен экономикаға кері әсер етуін, құқыққа қайшылығын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен шараға университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Біз бүгін қоғам үшін, өзіміз үшін, еліміз үшін маңызды тақырыпта шара ұйымдастырып отырмыз. Ел болып әлемге танылғанымызға жиырма жылдан артық  уақыт өтті. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзелді. Әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге бірлігімен танылды. Кез-келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті болып табылады. Сыбайлас жемқорлық - мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Ол мемлекеттің дамуын тежейді. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» партиясы 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.Университетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, білім ордасында оны мүлде болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, сессия уақытында «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылып отырады және оны өткізу үшін арнайы штаб құрылады. Емтиханды ұйымдастыру, қабылдау ережелерін түсіндіру мақсатында және ПОҚ мен қызметкерлер тарапынан этикалық нормаларды бұзу бойынша арыздарды қабылдау үшін қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Сонымен қатар, университетте сенім телефондары университет басшылықтарының блоктары, сенім жәшіктері, VK әлеуметтік желісінде «БҚАТУ – Таза сессия» он-лайн парақшасы жұмыс жасайды» - деді шараны жүргізген университет ректоры м.у.а. Н.Серғалиев өз сөзінде.

Келелі кездесуде сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Н.Сүйінбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске тек сала қызметкерлерінің ғана емес, кез келген азаматтың мүдделі болғаны жөн. Немқұрайлылықтан арылып, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап отырса, ілкімді шаралардың жүзеге асатындығын атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылАгенттігінің БҚО бойыншаДепартаментінің «Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы» басқармасының басшысы А.Жұбаныш өз баяндамасында жемқорлыққа жол берген азаматтарға қолданылар жаза жөнінде мағлұмат беріп, облысымыздағы қылмыстың алдын-алу бойынша жүргізген шараларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар білім алушылар мен оқытушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп әрекет етуде ынтымақтастық таныту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы, «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың жастар ісі жөніндегі комитеті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданып, қол қойылды.

korupz27-1korupz27-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!
Вы здесь: Главная Магистрантам Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!