Отан үшін от кешкен ақын

Қаңтар айының 26-сы күні Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Отан үшін от кешкен ақын» көрме ұйымдастырылды.

jumagalievКөрмені қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі Ә.Мұханбетқалиевтің жетекшілігімен оқу ордамыздың І курс студенттері тамашалады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын көрменің шымылдығын ашқан музей меңгерушісі Нұржан Төлепов: «Кезінде Қадыр Мырза Әли ағамыз: «Ақын Абдолла Жұмағалиев Отан үшін майданда от болып жанып кетті. Оның алауы әлі сөнген жоқ. Сөнбек те емес. Ол – мәңгілік алау» деген екен. Дәл солай болғаны анық. Қан майданда қоршауға алынған кезде жазба түрде бұйрық болған жоқ деп шегінбей, қарақұрым қаптаған жаумен жалғыз шайқасқан ақын туралы кезінде Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды. Көрмеге қатысушылар, оның шығармашылығн зерттеуге ат салысады деген үмітпен бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз» - деді өз сөзінде.

Көрмеге қойылған Абдолла ақынның жарымен түскен суреті, өңіріміздің ақын, жазушылар мен әдебиет сыншылары арасында түскен суреті студенттерге ерекше әсер етті. Сарғайған суретке үңілген жастарымыз жерлесімізбен бірге майданда болған Д.Снегиннің, В.Григорьевтің, А.Нарциссовтың ақынның інісі Ғайнолла Жұмағалиевке жіберген хатымен де танысты.

Мүмкін, кері қайтпаспын, жоғалармын,

Көзім жұмып, құм көрпе оранармын.

Өлмен, бірақ бір кезде сыршыл ұрпақ,

Болар менің мұрама оралар күн.

Расымен, ақындық көрегендікпен жазылған өлең өз өміршеңдігін дәлелдеді. Бейбіт елдің ұландары ажалмен арпалысқан арда азаматтар есімін ұмытпақ емес.

Вы здесь: Главная Магистрантам Абдолла Жұмағалиев - 100
Вы здесь: Главная Магистрантам Абдолла Жұмағалиев - 100