Жеңімпаздар анықталды

Қантар айының 12-17 аралығында университетіміздің оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Денсаулық-2015» спартакиадасы өтті. Волейбол, үстел теннисі, шахмат, мылтық ату, армрестлинг, шағын-футбол секілді спорт түрлерінен өткен жарыстарға оқу ордамыздың 7 құрама командасы қатысты.

Шараның ашылу салтанатына арнайы қатысқан университет ректоры м.у.а. Нұрлан Серғалиев қатысушыларға табыс тілесе, университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әскерғали Шамғонов адам денсаулығы үшін спорт пен салауатты өмір салтының қаншалықты маңызды екенін атап өтті.  

Бес күнге созылған дода тартысты өтті. Волейбол, шахмат, шағын футболдан машина жасау факультеті, үстел теннисінен агрономия факультеті, мылтық атудан политехникалық факультет, армрестлингтен қауіпсіздік қызмет командалары жеңіс тұғырынан көріне білді. Командалық есеп бойынша машина жасау факультеті 58 ұпай жинап 1 орын биігінен көрінсе, агрономия факультеті 41 ұпаймен 2 орынға, политехникалық факультет 39 ұпаймен 3 орынға тұрақтады. Жеңімпаз командалар және жеке есепте жүлделі орынды иеленген қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында дене тәрбиесін және спорт түрлерін дамыту, сол арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан спартакиада келесі жылы да өз жалғасын таппақ.

sparta1sparta2

Вы здесь: Главная Магистрантам Денсаулық-2015
Вы здесь: Главная Магистрантам Денсаулық-2015