Тыңдаушылардың «Мұнай-газ кәсіпорнының менеджері» және «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» кәсіби дайындық бағдарламалары бойынша қосымша біліктілік алуды бітіруі

Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті кәсіби дайындықтың қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың инновациялық білім беру концорциумы аясында «Мұнай-газ кәсіпорнының менеджері» және «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» қосымша біліктіліктерін алу үшін 31 тыңдаушыға қорытынды мемлекеттік емтихандар өткізілді.

14 тыңдаушы «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» бағдарламасы бойынша мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды. Комиссияның төрағасы ф.ғ.д., профессор, Башқұрт мемлекеттік университетінің (Уфа, Башқұртстан) шет тілдері кафедрасының меңгерушісі - Шафиков С.Г.

17 тыңдаушы «Мұнай-газ кәсіпорнының менеджері» бағдарламасы бойынша мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды және бітірудің біліктілік жұмыстарын қорғады. МАК құрамында УММТУ өкілі (Уфа, Башкортостан), гидравлика және гидромашина кафедрасының т.ғ.к . Гадовский Д.А. болды.

Аттестациялық комиссия шешімімен бағдарлама тыңдаушыларына «Мұнай-газ кәсіпорнының менеджері», «Кәсіптік коммуникация саласындағы аудармашы» біліктіліктері берілді. Тыңдаушыларға оқуды аяқтаған соң Уфа мемлекеттік университетінің қосымша біліктілік беруді куәландыратын кәсіби дайындық туралы диплом беріледі.

Бүгінгі таңда қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қосымша біліктілік алу үшін 113 тыңдаушы білім алуда.

gilmutdinov

Вы здесь: Главная Магистрантам Қосымша біліктілік алу курстары
Вы здесь: Главная Магистрантам Қосымша біліктілік алу курстары