Марапатқа лайық жан

medalИісі қазаққа тәуелсіздіктен салмағы басым мереке жоқ. Ал осы ұлық мереке қарсаңында сан жылғы ілкімді ізденіс, қажырлы еңбек еленіп, ескеріліп жатса, бұдан асқан қуаныш жоқ шығар.

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Қазақ ұлттық өнер университетінің концерттік залында Тәуелсіздік жылдары қосқан үлесі үшін білім саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты тапсыру рәсімі өткен болатын. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов білім және ғылым саласына еңбегі мен елеулі қосқан үлесі үшін министрлік пен министрлікке қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларын табыс етті.  

«Құрмет», «Парасат» ордендері және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған білім саласының 30 қызметкерінің қатарында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бірінші проректоры Таубаев Өтеген Байырғалиұлы да бар.

Аталған оқу орнында табан аудармастан отыз жыл тынбай еңбек етіп, әріптестері мен студенттері арасында іскерлігімен, біліктігімен және адамдармен жұмыс істеу мәдениетімен ұжымның зор құрметіне бөленген жан қашан да зор құрметке лайық.

Вы здесь: Главная Магистрантам Марапатқа лайық жан
Вы здесь: Главная Магистрантам Марапатқа лайық жан