Ұлық мереке ұлықталды

egemen15121415 желтоқсан күні оқу ордамыздың акт залында Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Шара барысында университетіміздің намысын халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда қорғап жүрген, жүлделі орындарға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінген бірқатар профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар марапатталды.

Тәуелсіздік – Тәңірдің тәтті сыйы. Исі қазаққа Тәуелсіздік мерекесінен артық мейрам жоқ екені ақиқат. Бұл мереке - мемлекетіміздің азаттығы мен қуаттылығының айқын нышаны. Азаттықты арман еткен ата-бабаларымыз бен жарасы әлі жазыла қоймаған желтоқсан оқиғасының боздақтары бұл күн үшін жандарын пида етті. Университет ұжымы елім деп, жерім деп мұзда жанған, алауда шейіт болған асыл аға-апаларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алғаннан кейін университет ректоры м.у.а. Нұрлан Серғалиев сөз алды. Бұл күннің маңыздылығын ерекше атап өткен оқу орны басшысы тыныштық арқылы салтанат құрған тұрақтылық, татулық, тұтастық секілді құндылықтарды сақтап қалу керектігін айтты.

Келелі жиында Тәуелсіздік күніне орай университетіміздің оқу, ғылым, мәдени өміріне белсене араласып, елімізге қажетті білікті де білімді мамандар даярлауда қосқан үлесі үшін «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Оксана Насс, «Ресурстарды үнемдеу және инженеринг» ғылыми зерттеу институтының директоры Сарсенбек Монтаев, агрономия факультетінің деканы Диамара Төлегенова, СМЖ ж/е ИБ жетекші сарапшы-аудиторы Әсемгүл Ермекова, «Құрылыс» кафедрасы меңгерушісі Нұргүл Адилова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы Светлана Ермұханова, аға оқытушы Динара Киишеваларға университет ректорының алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар студент-жастармен жүргізілетін тәрбиелік, мәдени-көпшілік, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін «Заңғар» газетінің бас редакторы Айнұр Базарова, жастар ісі жөніндегі комитеттің хореографы Райгүл Жұмахаева, жастар ісі жөніндегі комитеттің домбыра үйірмесінің жетекшісі Талғат Мауленовтер де марапатқа ие болды.

Бұл күні түрлі тәрбиелік, мәдени-көпшілік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өзін жан жақты көрсете біліп, университетіміздің гүлденуіне қосқан үлесі үшін машина жасау факультетінің 3 курс студенті Олжас Сүлейменов, политехникалық факультетінің 4 курс студенті Миржан Әбілхас, агрономия факультетінің 3 курс студенті Столяров Алексей, машина жасау факультетінің 2 курс магистранты Анна Банникова, машина жасау факультетінің 1 курс магистранты Асылғали Айдос та алғыс хаттың иелері атанды.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ұлық мереке ұлықталды
Вы здесь: Главная Магистрантам Ұлық мереке ұлықталды