Елін сүйген, елі сүйген елбасы

pre kuni-1Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің Тәуелсіздік залында БҚАТУ-дың Агрономия факультетінің студенттері (деканы проф. Д.Төлегенова), «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» аттыпатриоттықкеш өткізді.

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ҚР-нің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы істерін, туып өскен, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беріп, студенттердің елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, халқын сүйген азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында оздырылған маңызды шараға музей ұжымы және «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының «Жиһангер» бастауыш партия ұйымы (төрағасы Н.Төлепов) қолдау көрсетті.

Музей ұжымы «Дәуірдің дара тұлғасы» атты көрмеге Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінен алынған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы құнды жәдігерлер және жазбалар мен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерін қойды. Сонымен қатар, көрме экспозициясы «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» және «Қазақстан – 2050» атты стендтермен толықтырылып, онда Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты мағлуматтар арқылы, 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің маңыздылығы ашылды.

Патриоттық кешке БҚАТУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы, білім алушылар, БАҚ өкілдері, музей қызметкерлері және І курс студенттері қатынасты.

pre kuni-2pre kuni-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Елін сүйген, елі сүйген елбасы
Вы здесь: Главная Магистрантам Елін сүйген, елі сүйген елбасы