Өзара ынтымақтастық орнатылды

ulianov021214-1Жуырда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Ульянов мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы арасында ынтымақтастық орнатылып, меморандумға қол қойылды. Бірлескен жұмысты жүргізудегі негізгі мақсат – оқу ордамызда білім алып жатқан магистранттардың білімін жетілдіру, олардың аталмыш жоғары оқу орнында тегін білім алуына мүмкіндік жасау.

Ульянов мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының ректоры А.В.Дозоров, бірінші проректор және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор В.А.Исайчев, халықаралық қатынас және қосымша білім беру проректоры А.Р.Корнилин қатысты.

Университет ректорының м.у.а. Н.Х.Серғалиев: «Бүгін - біздің оқу ордамыз үшін маңызды күндердің бірі. Өйткені, 70 жылдық тарихы бар Ульянов мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясымен тығыз қарым-қатынас орнатып, алдағы уақытта магистратура бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын боламыз. Оқу ордамыздың зоотехния, агрономия, агроинженерия мамандықтарында оқитын 9 магистрантымыз өз білімдерін аталмыш оқу орнында жетілдіретін болады. Біздер меморандумға қол қоя отыра, университетіміздің оқытушылары мен магистранттары арасында академиялық ұтқырлықты дамытуға жол ашамыз. Оқу ордамыз 80-нен астам жоғары оқу орындарымен: Ресей, Белорусь, Сербия, Германия, Чехия, т.б. ғылыми және білім беру бағыттары бойынша тығыз байланыста жұмыстанып келеді. Ынтымақтастығымыздың бекем болуы үшін екіжақты келісімге қол қойдық, алдағы уақытта бұл іскерлік кездесуіміздің нәтижесі өзара тиімді қарым-қатынастарымызды нығайта түседі деп сенім білдіремін»,-деп, өз сөзін түйіндеді

Кездесуде сөз алған Ульянов мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының ректоры А.В.Дозоров өткізіліп жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, бұл ынтымақтастықтың әрі қарай өз жалғасын таба беретініне сенім білдірді. А.В.Дозоров: «Біз ынтымағы жарасқан қазақ елімен ежелгі заманнан достық қарым-қатынаста өмір сүріп келеміз. Мәдени, ғылыми және білім беру бағыттары бойынша да әрдайым әріптестік байланысымыз үзілген емес. Бүгін Сіздің оқу орныңызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, игі бастаманың куәсі болып отырмыз. Мен үшін жарты ғасырлық тарихы бар киелі қара шаңырақ – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен ынтымақтастық орнтау – зор мәртебе. Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарынан қатар білім алған түлек жоғары білікті маман болып шығатынына сенімдімін. Сіздің оқу орныңызда білім алып жатқан 9 магистрант Ульянов мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясында білім алулары және жатақханамен қамтамасыз етілу мәселесі, яғни жатақханада тұруы тегін болатынын ерекше атап өткім келеді»,-деді. Шара барысында екіжақты келісімге қол қойылып, атқарылып жатқан игі бастаманың жемісті болатынына сенім білдірді.

ulianov021214-2ulianov021214-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Өзара ынтымақтастық орнатылды
Вы здесь: Главная Магистрантам Өзара ынтымақтастық орнатылды