Студенттер шетелдік компаниядан сараманнан өтеді

2014 жылдың қыркүйек айында оқу ордамыз бен «Caspian Proger» компаниясы меморандумға қол қойған болатын. Бірлескен жұмысты жүргізу мақсатында 23-қазан күні машина жасау факультетінде кәсіптік практика және студенттік мансап департаментінің ұйымдастыруымен «Caspian Proger» компаниясының бас директоры Гайтана Кришимен кездесу өткізілді. Шараға аталмыш компанияда өндірістік практикадан өтуге ниет білдірген студенттер қатысты. Департамент жетекшісі Б.Н.Насиев сөз алып, ұйымдастырылып жатқан шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Әлемдегі 100 үздік инженерлік компаниялардың қатарына кіретін «Proger» компаниясы жөнінде толық ақпаратты бас директор Гайтана Криши презентациялық жұмыс арқылы студенттерге таныстырды. «Proger» компаниясы – Италиядағы инженерлік компания. Компания 3 сектор негізінде жұмыс жасайды: азаматтық құрылыс, көлік басқару, мұнай-газ секторы. Компанияның жұмыс жасау көкжиегі кең ауқымды. Сауд Арабиясы, Түркия, Ресей, Ирак, Румыния, Болгария, т.б. елдерде өз жұмысын жандандырып келеді. 2002 жылы Қазақстанда, атап айтсақ, Алматы қаласында «Caspian Proger» компаниясы құрылды. Компания елімізде жүзеге асқан Қарабатан, Қашаған сынды кеніштердің жобаларын жасады. Қазақстанда, көбінесе, мұнай-газ саласы бойынша қызмет атқарамыз. Алматы, Атырау, Ақсай қалаларында компаниямыздың бөлімшелері жұмыс жасайды. Біз университетпен меморандумға қол қойып, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасап, Сіздердің біздің компаниямызда сараманнан өтіп қана қоймай, оқуларыңызды аяқтағаннан кейін біздің қызметкеріміз болуларыңызға толық мүмкіндіктеріңіз бар. Ең бастысы, өз салаларыңыздың білікті маманы болып, тілді меңгеруге деген құлшыныстарыңыз болсын дегім келеді»,-деп, өз сөзін түйіндеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда компанияның айналысып жатқан негізгі жобаларына тоқталып өтті. Аталған компанияда сараманнан өтуге ниет білдірген студенттерге арналып, бір апта бойы семинар өткізіледі. Бұндай семинарларды алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарланғанын және ағылшын тілі мен итальян тілі бойынша курстар жүргізетіндерін ерекше атап өтті. Студенттер өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын қойып, шараның ұйымдастырылуын қолға алған университет ректоратына алғыстарын білдірді.

kaspian021214-1kaspian021214-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттер шетелдік компаниядан сараманнан өтеді
Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттер шетелдік компаниядан сараманнан өтеді