Айнұр - «Аңсар-2014» әдеби байқауының жеңімпазы

Ainur AnsarАлматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің қолдауымен «KazFond» Қоғамдық жастар қоры жариялаған республикалық «Аңсар-2014» әдеби байқауы мәресіне жетті.

Қазіргі қазақ және қазақстандық әдебиетті, журналистиканы насихаттау, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, жас қаламгерлер, ақындар мен журналистердің арасында үздіктерді анықтау және үздік деп танылған шығармаларды оқырман арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген байқауға қатысқан 200 үміткердің арасында "Заңғар" газетінің редакторы Айнұр Базарова «2014 жылғы ең үздік журналист» аталымы бойынша жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Айнұрдың жеңісі бір бұл емес. Өткен жылы халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанса, облыс деңгейінде «Үздік жас журналист - 2013» атағын жеңіп алды. Әңгіме жазатын жазушылық өнерімен де, журналистік салада да айырықша қабілетімен ерекшеленіп,  әртүрлі байқауларда топ жарып жүрген жас қаламгерге шығармашылығың шарықтай берсін, жеңістен жеңіске жете бер деген тілек білдіреміз.

Вы здесь: Главная Магистрантам Айнұр - «Аңсар-2014» әдеби байқауының жеңімпазы
Вы здесь: Главная Магистрантам Айнұр - «Аңсар-2014» әдеби байқауының жеңімпазы