Тағылымды кездесу өтті

2014 жылдың 13-қараша күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 17-қараша - Халықаралық студенттер күніне орай әлеуметтік аз қамтылған, соның ішінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүгедек студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараның өткізілуіне университет ректораты қолдау көрсетіп, қаражат бөлді.

Аталмыш шараға облыстық білім басқармасының инклюзивті арнаулы білім беру, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы Е.И.Тұяқовқатысты. Шара барысында сөз алған тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор өткізіліп жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, оқу ордамызда бұндай бағыттағы кездесудің алғаш ұйымдастырылып жатқанын ерекше атап өтті.Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.Ұ.Сұлтанов: «Ең алдымен баршаңызды келе жатқан Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – мереке қарсаңында Сіздерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейрамдарыңызбен құттықтау. Бұндай шара университетімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр және алдағы уақытта өз жалғасын таба беретініне сенімдімін. Университет басшылығы Сіздерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін ерекше атап өткім келеді.Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.  Сондықтан Сіздерге оқуда алда, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, университетіміздің абыройын асқақтата беріңіздер дегім келеді». Сондай-ақ, кездесуде факультет декандары сөз сөйлеп, тағылымды да тәрбиелік маңызы зор кездесулердің алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретініне сенім білдірді. Оқу ордамыздың өнерлі студенттері: Батырхайыров Асылжан: «Күзгі қайың» әнін, «Нарын сазы» ансамблінің мүшелері: Самиғоллин Рауан, Оқасов Жомарт «Көроғлы» күйін және Төлегенов Айбек «Менің жаным» әнін нақышына келтіре орындады. Шара соңында барлық студенттерге арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді. Кездесуге қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасып, ризашылықтарын білдірді.

stud14-1stud14-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Тағылымды кездесу өтті
Вы здесь: Главная Магистрантам Тағылымды кездесу өтті