Сенбіліктер жалғасуда

subotnik14Қаламызға қара күз келіп орнаса да студенттеріміз шаһар тазалығына өз үлестерін қосуды жалғастыруда. Өткен сенбіде Зашаған кентінің Айтқұлов көшесі бойын 150-ден аса студентіміз жиыстырды.

«Сенбілік жұмыстарына 1 камаз жұмылдырылған болатын. 15 тоннаға жуық күл-қоқыс қала сыртына шығарылды. Бұл күні таңғы 9-дан бастап студент-жастарымыз ғана емес, қызметкерлеріміз де университет аумағын тазартуға жұмыла кірісті. Біздер күзде және көктемде отырғызу үшін 300 көшет сатып алған болатынбыз. Қазіргі кезде күздік отырғызулар жұмыстары жүргізілуде. Бұның сыртында 57 емен, 48 терек, 100 түп көшет-бұталар егілді. Қыстың аязынан раушан гүлдері мен боз аршаларды қорғау мақсатында оларға ағаш үгінділері себілді» - деді оқу ордамыздың әлеуметтік-шаруашылық жұмыстар және қауіпсіздік департаментінің директоры Ғибрат Бауетдинов.

Вы здесь: Главная Магистрантам Сенбіліктер жалғасуда
Вы здесь: Главная Магистрантам Сенбіліктер жалғасуда