Дәстүрлі байқау өнерлі жастарды анықтады

1kurs-14Кеше Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде екі күнге созылатын дәстүрлі «Бірінші курс – 2014» байқауы бастау алды.

Жаңа оқу жылында университетіміз 1111 жаңа лекпен толыққан болатын. Университет табалдырығын жаңа аттаған жастар арасынан дарынды жастар өкілдерін айқындау және қолдау, шығармашылық әлеуеттерін дамыту, студенттердікөркемдік өнерге баулу, олардың ортасында өнерді насихаттау және жастарды университетіміздің қоғамдық және мәдени өміріне баулу мақсатында өткізіліп отырған шараның маңызы өте зор.

«Эстрадалық әндер», «Патриоттық әндер», «Ұлттық би», «Заманауи би», «КТК сайысы», «Аспаптарда ойнау», «Көркемсөз оқу», «Режиссура», «Үздік жүргізуші», «Бейнеролик» аталымдары бойынша сайысқа алғашқы күні политехникалық, машина жасау және агрономия факультетінің жастары өз өнерлерін ортаға салды.

Жастардың өнеріне университетіміздің түлегі, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, кәсіби әнші Қазбек Жексенов, Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты, күйші Ербол Ғұбайдуллин, Батыс Қазақстан облысының жастар шығармашылық орталығының хореографы Ақмарал Ахатова, облысымызда алғаш рет брейк дэнс мектебінің негізін қалаушы, «Мастер Дэнс» ЖҚБ-ның төрағасы Сағындық Дағаров, Облыстық халық шығармашылық орталығының қызметкері Медет Қабдығалиев, университетіміздің түлегі, «Жәңгір серілері» КТК ойыншысы Данияр Шакенов және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Асхат Өкшебаев төрелік етті.

Төрешілер екі күнге созылған бәсекені бағалай келе «Аспапта ойнау» сайысында политехникалық, «Ұлттық би» бойынша машина жасау, ал «Эстрадалық ән» аталымы бойынша агрономия факультеттерін жеңімпаз деп таныды. «Бейнеролик», «Заманауи би», «Көркемсөз», «КТК сайысы», «Патриоттық ән», «Үздік жүргізуші» аталымдары бойынша қарсыластарына дес бермеген ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті бірауыздан үздік деп танылып, бас жүлдені иемденді.

Айта кету керек, екі күнге созылған өнер бәсекесінен оза шапқан ветеринарлық медицина және биотехнология факультетіне қаламыздағы «Самат» авто мектебі теледидар ұсынса, «Город» дүкені ақшалай сыйлық пен сертификат табыстады.

Сонымен қатар авто мектеп «Үздік режиссура» аталымы бойынша жеңіс тұғырынан көрінген машина жасау факультетіне музыкалық орталықты сыйға тартып, жүлдегер командаларды да құр қол қайтармады.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Бірінші курс – 2014» байқауы
Вы здесь: Главная Магистрантам «Бірінші курс – 2014» байқауы