Студенттеріміз жарады

Жақында волейболдан ерлер арасында қала чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын. Барлығы 28 команда бақ сынаған сайысқа оқу ордамыздың қос командасы қатысты. 16 команда іріктеліп алынып, финалға өткен 8 құрама шеңберлiк айналымда өзара мықтыны анықтады. Бірнеше күнге созылған ойын бәсекесінің қорытындысы бойынша БҚАТУ – 2 командасы жүлделі 3 орынға тұрақтаса, Локомотив командасы 2 орынды қанағат тұтты. Ал жеңіс тұғырына БҚАТУ – 1 командасы көтерілді. «Бұл ЖОО арасындағы бәсеке емес, соған қарамасатан студенттеріміз үмітімізді ақтады. Қос командадан Алексей Столяров, Райымбек Жасанғалиев, Рамазан Мұхтаров, Асылжан Хайруллин, Арсен Шартынов, Шыңғыс Қабдығалиевтің есімдерін айта кеткім келіп отыр. Сонымен қатар ойын барысында Айбар Жеткіншеков «Үздік ойыншы» марапатын ұтып алды. Жастарымыздың осы деңгейлерін сақтау үшін дайындығымызды жалғастыра береміз. Алдағы уақытта ЖОО арасында волейболдан жарыс өтпек» - деді өз сөзінде команда жаттықтырушысы Ермек Адилов.

 volibol-11114-1volibol-11114-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттеріміз жарады
Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттеріміз жарады