«Жиһангер» бастауыш партия ұйымы есеп берді

nurotan301014-1Кеше университетімізде «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының «Жиһангер» бастауыш партия ұйымының 2013-2014 жылдардағы атқарған жұмысын баяндау мақсатында есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Келелі кездесуге «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының төраға орынбасары Әлібек Байнешов қатысты.

«Жиһангер» бастауыш партия ұйымы өз жұмысын 2006 жылы бастаған болатын. Бүгінде саяси партияның алға қойған мақсат-міндеттерін орындау мақсатында өз деңгейінде жұмыстанып жүрген бастауыш ұйымның 297 мүшесі бар. Бұл қатардың да толығары даусыз. Себебі күн өткен сайын қоғамның тұтастануына бағытталған «Нұр Отан» партиясының бастамалары, ұзақ мерзімді акциялары, қайырымдылық шаралары әлеуметтің еңсесін көтеруде.  

Алғы сөз алған университет ректоры м.у.а. Нұрлан Серғалиев: «Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Бүгінгі таңда партияның тәуелсіз Қазақстанымыздың даму жолындағы үлесі ерекше.

Бүгінде мүшел жастан асқан «Нұр Отанның» мүшелері миллионға таяды. Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. «Нұр Отан» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Демек Қазақстанның миллионға жуық тұлғалардың  таңдауы түскен «Нұр Отанның» қоғамдағы көп ұйымның бірі емес екендігі осыдан-ақ даусыз аңғарылады. Оның үстіне мүшелердің басым бөлігін қарапайым халық, яғни, дәрігерлер, мұғалімдер, жұмысшылар және кәсіпкерлер құрайды.

Бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің аймақтағы қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастап келеді. Осындай белсенділікке өзіндік үлес қосып отырған «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының «Жиһангер» бастауыш партия ұйымының да атқарған жұмысы айтарлықтай» - деп түйін жасады.

nurotan301014-2«Азаматтық қөзқарасы қалыптасқан тұлға, ерте ме кеш пе өз таңдауын жасайтыны белгілі. Партияға өз еркімен мүше болған соң, партия Жарғысында белгіленген міндеттерді орындап, партия саясатын саналы да сапалы жалғастыру парызы екенін, ең бастысы барлық партия мүшелері тең дәрежеде екенін біледі деп есептеймін. Қоғамға тірек болатын ертеңгі тұлға тәрбиелеп отырған университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жастардың психологиялық ерекшеліктерін ескере келе тәлім-тәрбие беріп келеді. Бірақта бұл қоғамның сапалы болса да бір аз ғана бөлігі екенің естен шығармайық. Ал қоғамның басым бөлігін құрайтын азаматтар өзінің қалыптасу деңгейіне, жас ерекшелігіне және сауаттына сай ойлап, әрекет ететіні белгілі. Бәріміз де біртұтас мемлекеттің азаматтары болған соң, біртұтас қоғам болуға ұмтылуымыз қажет» - деп ойын ортаға «Жиһангер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржан Төлепов ұйым мүшелері жеткен жетістіктерге тоқталды. «Атап айтар болсақ, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жылма-жыл «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты тағайындалады. Еліміздің әр аймағындағы 63 ЖОО-ның 200-ге жуық ұстазына «Үздік ұстаз» деген ат беріліп, мемлекеттік грант тағайындалған болатын. Соның бірін оқу ордамыздың оқытушысы Казамбаева Айгүл ұтып алса, өткен жылы осы марапатқа Оңаев Марат ие болды. Ағымдағы жылы оқытушылар арасында өткен ІІ Халықаралық «Менің инновациялық сабағым» атты конкурста Диамара Төлегенованың жобасы үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазіргі таңда бастауыш ұйымымызда 297 мүше тіркелген. Олардың қатарында 3 студент, 3 зейнеткер, 20 әйел бала күтімі демалысында. Соған сәйкес 23 адам мүшелік жарна төлеуден босатылса, 3 студент ең төменгі жалақының 0.1 пайызына тең жарна төлейді» - деді.

Бүгінгі таңда, Қазақ елінде партияның саяси Доктринасында бекітілген қағидаттарды орындау жолында «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Партияның жаңа 50 тұлғасы», «STOP-қылмыс», «Бақытты балалық», «Біздің ауыл», «Мықты бизнес – қуатты мемлекет», «Айқын тариф», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар - Отанға» атты 12 жоба жүзеге асырылуда. Шарада ұйым төрағасы партия мүшелерін аталған жобалармен кеңірек таныстырып өтті.

«Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының төраға орынбасары Әлібек Байнешов бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып өтіп, қаламыз бойынша партияның атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасады.

Кездесу соңында ұйым мүшелері алдағы екі жылға бастауыш партия ұйымының төрағасына Нұржан Төлеповтың кандидатурасын қайта ұсынып, сайлады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалының XIY конференциясына қатысатын 4 делегатқа дауыс берді.

Біздің бүгінгі есептік жиналыстан көңілге түйгеніміз мол болды. Атқарылған істің ауқымды екені де көңілге қуаныш ұялатты. Сөздің емес, нақты істердің жүзеге асырылып жатқаны ақиқат. Алдағы уақытта осы белсенділіктен таймай, жұмылған жұдырықтай бірігуіміз қажет. Енжарлықтан арылып, болашағымыздың баянды болуы үшін қазірден қарекет қылған абзал.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Жиһангер» бастауыш партия ұйымы есеп берді
Вы здесь: Главная Магистрантам «Жиһангер» бастауыш партия ұйымы есеп берді