Құқықтық сауаттылық – заман талабы

kykyk211014-1Ағымдағы жылдың 21 қазанында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында студенттерге «Жастардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру» тақырыбында түсіндірме-ақпараттық жұмыс жүргізілді.

Оқу ордамыздың, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе өткізген шарасының мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оны жетілдіру арқылы студент-жастардың мәдениетін көтеру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.

kykyk211014-2Кездесуге БҚО прокуратурасы, БҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, БҚО Ішкі істер департаменті, БҚО әділет департаменті, БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы мамандары қатысты. Шара шымылдығын түрген Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов «Келелі кездесу жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейінің артуына септігін тигізері анық. Әрі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеп, жемқорлықтың кез-келген көріністерімен бірлесе күресудің маңыздылығын насихаттауға бағытталған. Құқық бұзушылықтың алдын алу және жастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында университет аумағында 4 бейнекамера орналастырылған. Құрылғылар 24 сағат бойы жұмыс істейді» - деп атап өтті өз сөзінде.

Шара барысында сөз алған сала мамандары әкімшілік құқық негіздері туралы толық мағлұмат беріп, сыбайлас жемқорлықпен күресте сол органдардың қандай жұмыстарды қолға алып жатқаны көрсетілді. Сыбайлас жемқорлық жасауға қатысқаны үшін немесе соған көмектескені үшін қандай қылмыстық немесе әкімшілік жаза қолданылатындығы айтылған негізгі заңнамалық актілер мен құжаттар таныстырылды. Сонымен қатар облысымыздағы белсенді жастардың, еріктілердің қолға алған нақты істері баяндалды.

Жиында жастар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, БҚО бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметі баяндалған бейнефильммен танысты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жастардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру
Вы здесь: Главная Магистрантам Жастардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру