Студенттер дін өкілдерімен кездесті

din171014-1Дін дегеніміз не? Бұл сұрақ қоғамымыздағы әрбір адамды толғандыруы мүмкін, алайда жауабын әркім әртүрлі түсініп, сан қырлы жауап береді. Уикипедия — ашық энциклопедиясында дінге мынадай түсінік беріледі: «Дін– адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі».

Қазіргі таңда дінді бұрмалаушылық -қоғамымызда өткір тұрған мәселелердің бірі. Жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру, теріс бағыттағы діни ағымдардың жетегінде кетпеулері үшін оқу ордамызда Батыс Қазақстан облысы Дін істері жөніндегі басқарманың өкілдерімен, теолог мамандармен кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Осы мақсатты көздеген тағы бір шара ағымдағы жылдың қазан аралығында университетіміздің бес факультетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы С.М.Ғиззатов, аталған басқарманың дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Н.Ә.Мерзахмедов, «Аманат-Жайық» қоғамдық din171014-2қорының төрағасы Қ.С.Хасанов және облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Д.С.Жарова қатысты. Кездесуде сөз алған БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы С.М.Ғиззатов қазіргі таңда облысымыздағы діни ахуал жөнінде мол ақпарат беріп, жастарымыздың теріс бағыттағы діни ағымдардың жетегінде кетпеудің алғышарттарымен таныстырды. Кейін Сириядағы соғысқа «жихад» деп атанған қандастарымыз туралы түсірілген бейнефильмді көрсетті. Шара барысында дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Н.Ә.Мерзахмедов: «Бүгінде экстремизм мен ислам дінін қатар қойып, дініміздің тазалығына шүбә келтіріп жүрген жандар қаншама?! Ислам діні ешқашан лаңкестікпен қатар тұрған емес, керісінше ислам діні адам баласын тазалыққа, адалдыққа, бейбітшілікке үндейді. Қазір жастарымыз ғаламторда көрсетілген барлық ақпараттарға сеніммен қарайды, ал бұндағы ақпараттардың барлығы сенім тудыра бермейді. Дұрыс, әрі сенімді ақпаратты www.muftyat.kz, www.e_islam.kz сайттарынан ғана алуға болады. Өздеріңізді толғандырған мәселелеріңіз болса, дін істері жөніндегі басқарманың өкілдеріне, теолог-мамандарға ғана жолығып, өз сауалдарыңызды қоюға шақырамын»-деп, өз сөзін түйіндеді. Кездесуге қатысқан студенттерге «Көкжиек-Б» баспасы құрастырған «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», Оразбай Зеріпбайдың «Дін тазалығы» (1-2 кітап), М.Исаұлының «Дәстүрлі дін және қазақ салты» және Н.Қайырмұхаммедтің «Апатқа апарап үш індет» кітаптарып таратып, ондағы айтылған барлық ақпараттармен танысып шығуға шақырды.

Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттер дін өкілдерімен кездесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Студенттер дін өкілдерімен кездесті