Халықаралық бизнес-форум өңір экономикасына тың серпіліс бермек

forum14-1Ағымдағы жылдың 9 қазан күні университетімізде «WEST KAZ INVEST - 2014»Халықаралық бизнес-форумы өтті.

Шараның мақсаты - өңірлер арасындағы байланысты өрістету, отандық және шетел инвесторларын өңірлік компаниялармен араластыру, өңір экономикасына инвестиция тартып, өнеркәсіп орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бизнес құрылымдарының ынтымақтастығын кеңейту.

Бизнес-форумның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемнің дамыған 30 ел қатарына ену үшін инвестициялық климаттың жақсаруын қамтамасыз ету - Елбасы қойған талаптардың бірі» - деп атап өтіп, өткен жылы бірінші форумда қол қойылған 12 меморандумға сәйкес өңіріміздегі бірқатар бірлескен жобалардың бүгінгі аяқ алысына тоқталды.

Қолға алынған ауқымды істердің біріоқу ордамыздағы «Парасат» ғылыми-технологиялық ұлттық холдингі» АҚ-мен бірге бекіре тұқымдас балық өсіретін аквамәдени кешені болатын. Бүгінде кешен жұмысы жанданып, көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр.

Келелі кеңесте Саратов облысы үкіметі төрағасының орынбасары Павел Большеданов, Орынбор облысы мәдениет және сыртқы байланыс министрінің орынбасары Александр Калинин, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының бас директоры Дамиано Ратти,мұнай және газ құбырларын жүргізумен айналысатын "General Electric Oil & Gas" компаниясының РФ және ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Мариани Алессио, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі инвестициялар комитетінің басқарма бастығы Мұхамед Қабылдиновтер сөз алып, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Жиын соңында Батыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы бейнефильм көрсетіліп, форум секциялық отырыстарға жалғасты.

Бұл күніоқу ордамыз«Технопарк «Алгоритм» ЖШС, «Иннотехпроект» ЖШС және «Стекло-Сервис» ЖШС-менғылым мен өндірістің ықпалдастығын арттыру, инновациялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.

forum14-2 forum14-3
forum14-4 forum14-5
Вы здесь: Главная Магистрантам WEST KAZ INVEST - 2014
Вы здесь: Главная Магистрантам WEST KAZ INVEST - 2014