Университет ұжымы салауатты өмір салтын қолдайды

salauat1Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» -деген болатын. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар ғана жасай алады. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шаралары оқу ордамызда дұрыс жолға қойылған. Оқу ордамыздың «Дене шынықтыру» кафедрасының ұжымы әрдайым университет ұжымы мен студенттердің бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық шараларды жоғары деңгейде өткізіп келеді. 27-қыркүйек күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар ұжымы мен қызметкерлері жыл сайын «Нива» сауықтыру кешеніне барып, спортпен шұғылдануды дәстүрге айналдыруда. «Жаны саудың – тәні сау» деген ұранды ұстанған оқу ордамыздың ұжымы студент-жастарға үлгі көрсетіп, спорттың сан түрінен өткен жарыстарға белсене қатысты. Университетіміздің 300-ге жуық профессор-оқытушылар ұжымы мен қызметкерлері қатысқан шарада волейбол, шағын футбол, арқан тартыс жарыстары бойынша бақ сынасты. Спорттық шараның қорытындысы бойынша үздік факультеттер дипломдармен марапатталды. Шараға қатысушылардың барлығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

salauat2 salauat3
salauat4 salauat5
Вы здесь: Главная Магистрантам Жаны саудың – тәні сау
Вы здесь: Главная Магистрантам Жаны саудың – тәні сау