Студенттеріміз кәсіп ашу жолдарын талқылады

kasip-1«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Бизнес-Насихат» бағдарламасы аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Заман» Жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен 2014 жылдың 22-24-ші қыркүйек аралығында «Қазақстанда өз кәсібіңді қалай ашуға болады?» атты мастер-класс өтті.

Шараның мақсаты - өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыруға үн қосу, жастарды кәсіпкерлікле баулу және сауаттылығын артыру.

Бүгінгі жастар өте бас­тамашыл, олардың қолға алған ісінен тың идеяларды көріп, қуанамыз. Олар өз­гелермен тәжірибе алмасып, кәсібін одан әрі жалғастыруда үнемі белсенді­лік танытады. Мемлекетіміз экономиканы тұрақтан­дырудың негізгі бағыты – кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отырғаны мәлім. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасынан бөлек, басқа да сала­лық бағдарламалар бойынша мемле­кет­­тік қолдаулар жүзеге асуда. Ел Президенті биылғы Жолдауын­да кәсіпкерлікті, яғни ұлттық экономика­ның жетекші күшін жан-жақты қол­дау әрі шағын және орта бизнестің эко­номикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге арттыруды міндет ет­ті. Отандық кәсіпкерлерді қолдау тетікте­рін жетілдіру үшін қажетті барлық шара­ны қабылдау керектігін де алға тартты. Сондықтан шағын және орта биз­несті дамытуда, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жас кәсіпкерлердің мүмкіндігі мол десек, қателеспейміз. Ел экономикасының қарыштап дамып келе жатқанын ескерсек, өркендеу мен еңбек өнімділігін арттыруда жастар кәсіпкерлігін, оның ішінде инновациялық бағытты дамыту айрықша мәнге ие. Өйткені ортақ мүдде жолында барлық тарап бірігіп қимылдаса, қолда бар мүмкіндікті одан әрі кеңейтуге жол ашылады.

Басқосуға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Ұ.Сұлтанов, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы міндетін атқарушы Н.Дауымов, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы А.Е.Өкшебаев, облысымызда жұмыс жасайтын Жастар қоғамдық бірлестіктері, «Қазақстан студенттер Альянсының» көшбасшылары мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары құрамы, студент-жастар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдеріқатысты. Шараға жиылғандарға Бақытжан Бектенов тренинг жүргізіп, студент-жастарға бизнес туралы жан-жақты түсінік беріп, сертификаттарды табыс етті.

kasip-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Қазақстанда өз кәсібіңді қалай ашуға болады?
Вы здесь: Главная Магистрантам Қазақстанда өз кәсібіңді қалай ашуға болады?