Ғалымдарымыз үздіктер қатарында

joba14-1Соңғы жылдары ғалымдар мен өнертапқыштар арасында кеңінен насихатталып жүрген шаралардың бірі – «NIF$50K» инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық байқауы. Аталған байқау жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды анықтауға және қолдауға, инновациялық жобалардың әзірлеушілерін бизнес-жоспарлауға оқытуға бағытталған.

Университетіміздің ғалымдары ұсынған көбік әйнек жобасы әр өңірден ұсынылған 576 жобаның ішінен суырылап шыққан 16 жобаның қатарынан көрінді. Бұл университетіміз үшін үлкен жетістік екені анық. Қыркүйек айынан бастап озық жобаларды «Хабар» телеарнасынан арнайы көрсете бастады. Жобаның тұсаукесерін т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі Сәрсенбек Монтаевпен бірге жас әнші Айқын Төлепберген жасады.

Көп арасынан суырылып алға шығып, үздіктер қатарынан көрінген ғалымдарымызды біз де өз атымыздан құттықтаймыз! Ел ертеңі үшін қолға алған бар істеріне тек сәттілік тілейміз!

joba14-2 joba14-3
Вы здесь: Главная Магистрантам Ғалымдарымыз үздіктер қатарында
Вы здесь: Главная Магистрантам Ғалымдарымыз үздіктер қатарында