Жастар жаза баспаса екен

shaza1-1Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті БҚО прокуратурасының және БҚО Дін істері басқармасының мамандарымен бірлесе отырып, «Дін, қауіпсіздік және жастар» атты түсіндірмелік-ақпараттық жұмыс өткізді.    

Шараның мақсаты - діни экстремизмнің өзектілігін, қоғамға қауіптілігін, құпиялылығын, ерекше құрылымы мен ұлттық қауіпсіздікке кері әсер етуін, құқыққа қайшылығын басты назарға ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырып, жастарға түсіндірме-ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Жиынды Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов ашып, «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген тәмсіл бар. Күні кеше ғана университет табалдырығын 1111 жастың аттағаны белгілі. Ауылдағы ата-анамның үмітін ақтаймын, білікті маман атану үшін аянбай тер төгемін деген өрендерге көз қуанады. Бірақ уақыт өте келе бәзбіреулердің дін туралы әңгімелеріне құлақ салып, мұсылмандықты шо­лақ балақ, қаба сақал, кебінге оранып жүру деп ұққан жастарды көріп қынжыласың» - деді өз сөзінде.

shaza1-2Басқосуда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Хайруллина қоғамдағы діннің рөлі, дәстүрлі емес діни ағымдар жөнінде мағлұматтарға тоқталып өтті. Дін істері басқармасының бас маманы Нұржан Стамбакиев студент-жастарды алғашқы қадамдарымен құттықтап өтіп, тақырыптың өзектілігіне баса мән берді. «Басын ауырып, балтырын сыздағанда көшедегі кезіккеннің емес, білікті дәрігерден кеңес аламыз. Дін мәселесі дәл осындай. Тайыз біліммен қаруланған, тіпті оның тарихы мен философиясы туралы байыпты әңгіме айта алмайтын жолаушының етегінен ұстаудың қажеті жоқ. Адасушылықтың бірден-бір себебі, сауатсыздық. Қазір интернет қол жетімді. Бірақ бұл жерде де аса сақ болған жөн. Еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі түрлі діни сайттардың теріс пиғылды ақпарат таратыны белгілі. Дін туралы қандай да бір ақпар алғыңыз келсе, e-islam.kz, din.gov.kz, muftiat.kz, azan.kz cайттарына кірсеңіз болады» - деп теолог Арман Нұрахметұлы атап өтті.

Шараға арнайы келген БҚО прокуратурасының экстремизмге және терроризмге қарсы күрестің заңдылығын қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас Унаев облысымыздағы жағдайға тоқталды. Түзеу мекемеліне барғанда ғана өз істеріне өкініп, бармақ тістеп қалған жастарды мысалға алып, жастар арасында еліміздің рухани және мәдени мұраларынының құндылықтары кеңінен насихатталса, тұлғаның өмірден өз орнын жаңылмай, жаза баспай табуына осындай шаралардың тигізер пайдасы мол деп сөзін түйіндеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Дін, қауіпсіздік және жастар
Вы здесь: Главная Магистрантам Дін, қауіпсіздік және жастар