Дені саудың – жаны сау

sergek bolОсындай ұранмен 2014 жылдың 13 қыркүйегі күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақытын тиімді өткізу, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Сергек бол!» атты спорттық шара өткізілді. Шараға оқу орнының 1 курс студенттері мен эдвайзерлер құрамы қатысты. Шара барысында сөз алған университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Губашев Нұркен Маратұлы өткізіліп жатқан шараның маңыздылығына тоқталды. Денсаулықты жас кезден бастап күту қажеттілігін түсіндіріп, әрдайым спортпен шұғылдануға және алдағы уақытта сабақтарын жақсы оқып, белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар, «Дене тәрбиесі» кафердасының меңгерушісі Тұрдалиев Рауан Мұратұлы сөз сөйлеп, 1 курс студенттерін шараның ашылуымен құттықтап, спорттың адам өміріндегі алар орнын ерекше екендігін атап өтті.

Шағын футбол, баскетбол, волейбол, дартс, бадминтон, арқан тарту, үстел теннисі, армрестлинг, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт ойындарынан өткен спорттық шараға 700-ден аса бірінші курстықтар қатысып, белсенділіктерін танытты. Аталмыш спорттық шара университетімізде дәстүрлі түрде өтікізіледі және оған деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Бұндай бағыттағы спорттық шаралар университетімізде одан әрі жалғасын таба беретініне сенімдіміз.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Сергек бол!» атты спорттық шара
Вы здесь: Главная Магистрантам «Сергек бол!» атты спорттық шара