Жәңгір хан атындағы БҚАТУ қайырымдылық шараға қатысты

su-kyuЕліміздің барлық қалаларында Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясы қарқынды түрде өткізіліп жатыр. Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы қаламыздың кішкентай тұрғыны Камила Қасымоваға көмек көрсету мақсатында аталған флеш-мобқа қатысып, аталмыш шара арқылы көптеген мектептер мен ЖОО-на эстафета жолдады.

Осыған орай Оқу ордамыздың 100-ден аса профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер бас ғимарат алаңында Ice Bucket Challenge қайырымдылық флеш-мобын өткізді. «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректораты, профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастары Назарбаев зияткерлік мектебінің эстафетасын қабылдай отырып, Орал қаласының кішкентай тұрғыны Касимова Камилаға 200 мың теңге көлемінде қаражат бөлетіндігін хабарлайды және эстафетаны Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне жолдайды» деді өз сөзінде тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.Сұлтанов.

«Біз бұл шараны әлеуметтік желі арқылы көрдік. Камила секілді тағдыр сынына ұшыраған бүлдіршіндер жалғыз емес екенін білсін деген ниетпен белсенділік танытуды жөн көрдік. Ауа-райының күрт суытқаны да біздің көңіл-күйімізге еш әсерін тигізе алмады. Достарымның барлығы да бұл флеш-мобқа өз қалауларымен қатысуда» - деді оқу ордамыздың ІІ курс студенті А.Баязитова.

Университет ректораты көмек қолын созған жандарға әрқашан қолдау білдіріп келеді. Игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясы
Вы здесь: Главная Магистрантам Ice Bucket Challenge қайырымдылық акциясы