Өзіңді туберкулезден сақта!

tub-1Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында БҚО Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен университетіміздің І курс студенттері «Өзіңді туберкулезден сақта!» атты дәріс тыңдады.

«Туберкулез - әлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. Бұл аурудан жыл сайын шамамен 2 млн адам көз жұмса, олардың ішінде әйел адамдардың басым болуы алаңдатушылық туғызады. Кез келген адам гигиеналық талаптарды сақтап, өз денсаулығы үшін жауапты екенін өз деңгейінде түсініп, міндетті медициналық тексерістен уақытылы өтіп тұрса еш алаңдаудың қажеті жоқ. Фаст-фуд тағамдардан аулақ болғанымыз жөн. Оның орнына жұмыртқа, ет, балық, сүт тағамдарын және жеміс-жидектерді жиі қолдану қажет. Қазір күз мезгілі. Бұл мезгілде грипп, жөтел секілді аурулардың жиі мазалайтыны да белгілі. Ауыра қалған жағдайда емханаға барып, тиісті ем-дом алған абзал. Ауру дендеп, күшейген кезде онымен күресу қиынға соғады» - деді өз сөзінде аталған департаменттің жетекші маманы А.Өтегенова.

Студенттер аурудың асқынуы, олардың қоғамдық сипаты жайында толғантқан сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

tub-2 tub-3
tub-4 tub-5
Вы здесь: Главная Магистрантам Өзіңді туберкулезден сақта!
Вы здесь: Главная Магистрантам Өзіңді туберкулезден сақта!