Шараға шырай берді

gulder-1Қала күні мерекесіне орай Д.Нұрпейісова көшесінің жаяу жүргіншілер аймағында «ЭКСПО-2017» атты гүлдер фестивалі өтті. Дәстүрге айналған мерекеде түрлі табиғи гүлдермен өрілген мүсіндер, суретшілер мен қолөнершілер туындылары көрсетілді. Аталған шараға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті де белсене ат салысты.

«Қазіргі уақытта өндірілетін электр және жылу энергиясы қыста ғимараттар мен тұрғын үйді жылытуға, жазда керісінше оны төмендетуге жұмсалады. Бұл мәселені қазіргі заманғы жылу оқшаулағыш материалдарды пайдалану арқылы шешуге болады. 2017 жылы Астанада өтетін көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталатындықтан, осындай бірнеше жылу сақтағыш құрылыс материалдары технологияларын халықаралық көрмеге апарып, әлемге танытсақ деп жоспарлап отырмыз» - деп түсіндірді ғылыми жаңалыққа қызығушыларға техника ғылымдарының докторы, профессор С.Монтаев.

Бұл күнгі шараға университетеміздің агрономия факультетіне де өз үлесін қоса білді. Гүл дестеден «Мәңгілік Ел» эмблемасын бейнелеген ұжым шараның шырайын әдемілікпен кіргізгендей болды. «Жастарымызды білім нәрімен сусындату аздық етеді. Сана мен жүрекке қозғау салатын, ойландыратын тәрбиелік шараның орны орасан. Көңілге қуаныш сыйлайтын, айналаның әдемілігіне қарап тәнті болатын осындай мерекеге студенттеріміздің құлшына атсалысып жатқаны - Қала күніне қосқан тамшыдай үлесі» - деді агрономия факультетінің деканы Д.Төлегенова.

gulder-2 gulder-3
gulder-4 gulder-5
Вы здесь: Главная Магистрантам «ЭКСПО-2017» атты гүлдер фестивалі
Вы здесь: Главная Магистрантам «ЭКСПО-2017» атты гүлдер фестивалі