Әріптестік аясы кеңейді

kaspian-11 қыркүйек күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен «Каспиан Проджер Инжиниринг & Консалтинг» ЖШС арасындаөзара ынтымақтастық және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Компания басшысы Гайтана Кришидің мәлімдеуінше, Қазақстан нарығында 2002 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан компания Италияның ең алпауыт кәсіпорындарының қатарына кіреді. Біздің елімізден өзге Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Африка елдерінде өз филиалдары бар. Екіжақты әріптестіктің басты мақсаты - жас мамандардың кәсіби әлеуетін дамыта отырып, жастардың ең ізгі армандарын іске асыру.

- Біздің студенттік шағымызда мұндай мол мүмкіндік болған жоқ. Жоба аясында әр студенттің өзіндік арман-мақсаты мен талап-тілегіне орай білім бағдарламасын жасақтаймыз. Өзара әріптестікті кеңінен дамыта отырып, кәсіби мамандардың жаңа лебін қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді, - деді кездесу барысында сөз алған Гайтана Криши.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың жұмыс берушілермен ынтымақтастыққа әрдайым мүдделі екендігін ерекше атап өткен университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Серғалиев «Каспиан Проджер Инжиниринг & Консалтинг»компаниясымен арадағы әріптестіктіңстуденттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарына жолдау, өндірістік тәжірибе алмастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру шеңберінде өрбитінін атап өтті. Осы тұрғыда Гайтана Кришиден жұмыс беруші ретінде білім алушылардың оқу бағдарламасына қатысты ұсыныс-тілектерін іркіп қалмауын өтінді.  

Бүгінгі таңда Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да 18 жұмыс берушімен әріптестік туралы меморандумға қол қойылған.

 kaspian-2  kaspian-3
Вы здесь: Главная Магистрантам Әріптестік туралы меморандумға қол қойылды
Вы здесь: Главная Магистрантам Әріптестік туралы меморандумға қол қойылды