«Мектепке жолдың» шарапаты

mektep20-1Берсең, балаға бер. Осы қағиданы өмірлік ұстаным тұтатын ел ағаларының қатары күн санап молайып келеді. Бұл оң өзгерісті тамыз айында басталып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысушылардың белсенділігінен-ақ аңғаруға болады.

Еліміздің ауыл шаруашылық және өнеркәсіп салаларына қажетті бәсекеге қабілетті маман даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректораты қоғамның әлжуаз топтарына жататын мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім жеткіншектер мен көп балалы отбасы өрендеріне жаңа оқу жылы қарсаңында көмек қолын созып, қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Игілікті іс биыл да жалғасын тапты. 20 тамыз күні Орал қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектептің 13 оқушысына оқу құралдары салынған сөмкелерге қоса, алдын ала берілген тізімге сәйкес спорттық киім-кешек, аяқ киім сыйға берілді.

Жаңа оқу жылының басталуын тағатсыздана күтіп жүрген балғындар өздеріне демеушілік танытып, үлкен сенім артқан университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевке, жалпы білім ордасының ұжымына алғыс айтып, сабақтарын үздік оқуға уәде берді.

Жалпы, университет ректораты биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында№10, №30 жалпы білім беретін орта мектептер мен М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 50-ге тарта оқушысына қайырымдылық танытты. Бұл мақсатқа алты жүз мың теңге қаражат жұмсалды.

mektep20-2  mektep20-3 
Вы здесь: Главная Магистрантам Мектепке жол
Вы здесь: Главная Магистрантам Мектепке жол