Сынама тапсыру стадионда жалғасты

sport19-1«Салауатты өмір салты – дені сау ұрпақ кепілі» даналығын бек ұстанған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің бір топ қызметкерлері Атоян атындағы стадионда президенттік сынамаларды тапсыруды жалғастырды.

Бұқаралақ ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек, жалпы елімізде әртүрлі ұжым қызметкерлерінің спорттық сынақ тапсыруы Кеңес кезеңінде бастау алыпты. Ол кезде «Еңбек пен қорғанысқа дайын бол!» деген ұранмен осындай шаралар өткен. Ал, 1996 жылы тәуелсіз Қазақстанда «Президенттік сынамалар» деген атаумен халықтың дене дайындығының деңгейін анықтайтын шара өмірге келді. Соңғы рет президенттік сынамалар 2013 жылдың 31 желтоқсанында өзгеріске ұшырап, жаңа талаптар бекітілген болатын. Бұл алдыңғысынан нәтижелердің төмендігімен ерекшеленеді.

«Президенттiк сынамалардың мақсаты - салауатты өмiр салтын насихаттау, халықты дене мәдениетi және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, өз денсаулығын және өмiрдiң әртүрлi қажетiн қанағаттандыру.Жас ерекшелігіне сай қашықтыққа жүгіруге университетіміздің 310 қызметкері қатысты. Біз сынама талаптарын толыққанды орындау арқылы өзгелерге үлгі көрсетеміз. Қашықтыққа жүгіру адамның мүмкіндігіне қарай белгіленіп отыр. Демек қалыпты жағдайдағы адам денсаулығы, физикалық мүмкіндігі сол нормативтерге сай болуы керек. Аталған шараға ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қатысып отыр. Бұл әріптестеріміздің тапсырып отырған алғашқы сынамасы» - деді «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Әзілхан Сағатов.

Дененің саулығы – көңіл мен ой сергектігінің кепілі екені анық. Бұл бастаманың жыл сайынғы үрдіске айналуын қолдаған қызметкерлер жаңа оқу жылына ерекше құлшыныспен кіріспек.

sport19-2  sport19-3 
 sport19-4  sport19-5
 sport19-6  sport19-7
 sport19-8  sport19-9
Вы здесь: Главная Магистрантам Сынама тапсыру стадионда жалғасты
Вы здесь: Главная Магистрантам Сынама тапсыру стадионда жалғасты