ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

280813-728-29 тамызда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Нива» спорттық-сауықтыру кешенінде «Ауылдың көркеюі – тұрақтылық кепілі» атты Батыс Қазақстан облысы жастарының VI форумы өз жұмысын бастады. 

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының Ауыл жастары одағының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік басқосуға үздік студенттер мен белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен «Дипломмен - ауылға» жобасының қатысушылары шақырылды.

Форум делегаттары секциялық отырыстарда «Өңірлік жастар саясатының жаңа кезеңі», «Ауыл – елдің алтын бесігі», «Бұқаралық спорт пен туризмді дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері» тақырыптары бойынша пікір алмасып, ой өрбітті.  

Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Б. Молдағалиевтің төрағалығымен өткен пленарлық мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Қазыбай Бозымов, «Дипломмен ауылға» жобасының қатысушысы, Бөкей Ордасы ауданы, Сайхын ауылындағы Мұхаммед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Айсамал Әжіғалиевалар құттықтау сөз сөйлесе, «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Кухаев, облыстық жастар қауымдастығы төрағасының орынбасары Серік Тоқмамбетов, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының менеджері Әділгерей Зұлхаровтар өздері жетекшілік еткен секциялардың жұмыстарын қорытындылады.

Жиналғандар назарына ұсынылған Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығының 10 жылдық қызметі туралы бейнероликті тамашалап болған соң, қауымдастық төрағасы М.М.Ажкенов өңірдегі жастар саясатының жүзеге асуына елеулі үлес қосқан жастардың көшбасшыларын марапаттады.

Дәріс тыңдап, ұлттық ойындар ойнаған жастардың басқосуы әрі қарай Домбыра-Party-мен жалғасын тапты.

Вы здесь: Главная Магистрантам ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Вы здесь: Главная Магистрантам ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ