Президенттік сынақ тапсырды

sport18-118-19 тамыз күндері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері спорттың бірнеше түрі бойынша президенттік сынақ тапсырады.

Білім ордасының «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Рауан Тұрдалиевтың мәлімдеуінше, екі күнге жоспарланған спорттық шараның алғашқы күнінде 300-ден астам адам норматив тапсырды. Ер-азаматтар белтемірде кім мықты екендігін анықтаса, қыз-келіншектер арқасынан жатып денесін көтеру, сонымен қатар орнынан ұзындыққа секіру сияқты сынақтарда ептілік жарыстырды. Жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінген қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, әріптестік әдемі әзіл-қалжың мен жолдастық сыйластық ауанында спорттық мерекенің көрігін қыздырды. Әсіресе, орта жастағы қатысушылардың президенттік сынақты жоғары деңгейде тапсыруға деген құлшынысы мен қызығушылығы анық байқалып тұрды.

Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатын көздеген президенттік тест сынақтарының екінші кезеңі 19 тамыз күні Атоян атындағы қалалық стадионда қашықтыққа жүгіру, снаряд лақтыру және т.б. норматив түрлері бойынша жалғасады. Басталуы сағат 8.00-де.

sport18-2  sport18-3 
 sport18-4  sport18-5
 sport18-6  sport18-7

 

Вы здесь: Главная Магистрантам Президенттік сынақ тапсырды
Вы здесь: Главная Магистрантам Президенттік сынақ тапсырды